Талдықорғанның «Қаратал» ықшам ауданында ардагерлерге арналған демалыс бөлмесін ашу жоспарланып отыр. Майдангерлермен жүздескен «Нұр Отан» партиясының Алматы облысындағы мүшелері осындай ұсыныс білдірді.
Сондай-ақ партия белсенділері ардагерлерді түрлі әлеуметтік шаралар мен акцияларға араластыруды көздеп отыр. Қазір Талдықорғанда Ұлы Отан соғысының 39 ардагері өмір сүреді. Қарияларды бірінші кезекте дәрі-дәрмек бағасының қымбаттығы алаңдатып отыр. Бұл ретте майдангерлер өздеріне арнайы емхана ашылса деген ұсыныстарын да жеткізді.
Әсия Ахметова, «Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық бөлімшесі басшысының орынбасары:
Қала бойынша ардагерлер кеңесінің 11 бөлімшесі жұмыс істеп тұр. Мектептерде арнайы бөлмелер бөлінген. Алайда ол жеткіліксіз. Сондықтан біздің бөлімше қалалық әкімдік пен партия төрағасына осы сұрақты шешу туралы хат жолдайды.