Көктемгі дала жұмыстары кезінде ақтөбелік шаруалар ең арзан жағармайды пайдаланады. Оның әр литрге шаққандағы құны өзге аймақтармен салыстырғанда 17 теңгеге төмен. Бұл жөнінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшылығы мәлімдеді.
Қажетті 9 000 тонна дизель отынының негізгі бөлігі алынған. Қалғаны дер кезінде жеткізіледі, - дейді жауапты мекеме өкілдері. Дән себу жұмыстары уақытылы басталады деп жоспарланған. Тәжірибе стансасы мамандары дән сұрыптарының ерекшелігін ескеріп, жұмысты қай уақытта бастау қажеттігін талдап берген. Облыстың оңтүстік аймақтарында 25-інші сәуірде дән себіле бастайды. Көктемгі жұмыстарға 600 миллон теңге бөлініп, игерілуде. Биыл жоғары сұрыпты бидайдың көлемін арттыру көзделіп отыр. Сондай-ақ, 20 мың гектарға жуық суармалы алқапты қалпына келтіру жоспарланған.
Құсайын Сәрсембай, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
5 мың тоннасы тасып алынды. 2 тоннасы жақын күндері келеді. Аудандарға жеткізіліп жатыр. Дизель отынының бағасы 113 теңгеден. Атап айтсақ, республика бойынша ең төменгі баға. Нарық бағасымен есептейтін болсақ, 14 пайызға немесе 17 теңгеге арзан.