Қазақстанда тұңғыш ғылыми хореографиялық журнал шықты. «Arts Academy» - би өнерінің бүгіні мен ертеңін саралайтын бірегей жоба. Тұсаукесерге келген мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы осылай деді. 2 айда бір рет шығатын журнал 3 тілде ақпар таратады.
Қонақтардың қатарында ұлттық хореография академиясын салуға демеуші болған қытайлық мұнай-газ корпорациясының өкілдері де болды. 5000 данамен оқырманға ұсынылған журналдың таралымын көбейту де жоспарда бар.