Марстан тіршілік іздеген Ресей мен Еуропалық Одақ миссиясы бүгін тарихта тұңғыш рет Байқоңырдан Марсқа аттанды. РИА-Новости агенттігінің хабарлауынша, ЕxoМars-2016 қызыл планетаға "Протон-М" зымыран тасығышы арқылы жетпек. Жоба екі кезеңнен тұрады. Алғашқысы 7 айды құрайды. Яғни Orbiter Марсқа қазан айында жетеді. Одан соң ғана Марсқа қону жоспарланған. Екінші кезең 2018 жылы басталмақ. Миссияның ең басты мақсаты - Марс планетасынан тіршілік іздеу.