Русский Сайттың толық нұсқасы

Маңғыстау облысында "АМАNАТ" партиясының республикалық қоғамдық қабылдауы өтті

  • 31 қазан 2024
  • 441

Маңғыстау облысы Жыңғылды және Түшібек ауылдарында "АМАNАТ" партиясының республикалық қоғамдық қабылдауы өтті. Онда тұрғындар қоғамдық көліктің жұмысы, жолдардың сапасы және жергілікті дәрігерлік амбулаториядағы дәрігерлердің жетіспейтінін айтады. Сондай-ақ тұрғын үйлердің әбден тозығы жеткен. Көпбалалы ана Зоя Дауірбаеваның үйі өткен ғасырдың елуінші жылдары салынған, қазір құлайын деп тұр. Айтуынша, ол жерде тұру қауіпті. 

ЗОЯ ДӘУІРБАЕВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Су кетеді жаңбыр жауғанда. Баяғы құдық пеш қосып отырмын қазіргі таңда. Газды сол құдыққа жалғап қойған. Отапленный құруға келмейді. Қазір көршілеріміздің бәрі көшіп кетті. 4 үй тұратын.

САҒЫНДЫҚ ЖЫЛҚЫБАЕВ, «АМАNАТ» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ КОНСУЛЬТАНТЫ:

Бұл сұрақтармен біз тиісті мемлекеттік органдармен және тиісті мекемелермен жұмыс белсенді түрде атқаратын боламыз. Әр сұраққа тиісті жауап беріледі. Және "AMANAT" партиясы өз жеке бақылауында ұстайды әр сұрақты.