Мектеп оқушыларының үй тапсырмасы қысқаратын болды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Министрлік үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулықты бекіткен. Бірақ оның бүге-шүгесі айтылмады.
Ата-аналардан ұсыныстар жарты жыл бойы қабылданған. Үй тапсырмасын жеңілдету мәселесі мектептерде де талқыланыпты. Ал ресми веб-сайттар арқылы ұсыныстарға дауыс беру жүргізілген. Білім және ғылым министрлігі таратқан хабарламада: "Біз Әдістемелік нұсқаулар оқушылардың оқу жүктемесін төмендететін, олардың өздік жұмысқа ынтасын және жалпы алғанда үлгерім сапасын арттыратын әрекетті құрал болады деп үміттенеміз", - делінген.