Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда фармаколог мамандар жетіспейді

  • AstanaTV
  • 10 мамыр 2017
  • 2234

Қазақстанда фармаколог мамандар тапшы. Бүгін  Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында Мәжіліс депутаты Бейбіт Мамраев осылай деді. Айтуынша,  елімізде  қызмет етіп жүрген 200-дей фармакологтың тек 5 пайызы ғана осы мамандық бойынша ЖОО тәмамдаған. Ал қалған бөлігі тәжірибеден өтіп, сертификат алған. Бұл медициналық қызметкерлердің кәсіби біліктілігіне күмән келтірмейді. Дегенмен, ем жүргізу кезінде фармаколог маманның болуы, бірдей әсер ететін дәрі-дәрмектің қайталануын болдырмай, ем-дом жүргізуді сапалы етіп, артық шығыннан арылтады,- дейді.

Бейбіт Мамраев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі: 

Бізге әлі де 900-ге жуық фармаколог жетіспейді. Парламентте өтетін тыңдалымға біз бірнеше сауал жолдадық. Үкімет бұл сұрақтарымызды назарға алады деп үміттенеміз. Кез келген клиникаға осындай мамандар қажет. Себебі ол ем жүргізудің ұтымды тәсілін реттей алады.