Атырауда тағы бір адамнан сібір жарасы анықталды

  • AstanaTV
  • 29 қараша 2024
  • 360

Атырау облысында шаруа қожалығының қызметкері сібір жарасына шалдықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Atyrau Online порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Атырауда "Асыл-Агро" шаруа қожалығындағы мал сою пунктінің қызметкері өзін нашар сезініп, медициналық көмекке жүгінді.

Атырау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, қазір науқас ауруханада жатыр. Оған сібір жарасы деген диагноз қойылды.

Осымен Атырауда тұрғындар арасында сібір жарасын жұқтырған екінші адам тіркелді. Дәрігерлердің айтуынша, ауру адамнан адамға жұқпайды.