«Теңіз-Шевройлда» келешек кеңею жобасы бойынша «қазақстандық қамту» көлемі 32% құрайды. Бұл туралы компанияның қоғаммен байланыс жөніндегі бас менеджері мәлімдеді. ТШО бірініші тоқсанда 500 млн долларға қазақстандық қызметтерді пайдаланып, тауарларды сатып алған. 2022 жылға дейін жалғасатын өндірісті кеңейту жобасы бойынша 20 мың жұмыс орынын ашу көзделген. Бос орындар туралы ақпарат мемлекеттік ресми порталда жарияланбақ.
Ырзабек Артығалиев, "Теңізшевройл" ЖШС қоғаммен байланыс жөніндегі бас менеджері:
Біздің барлық мердігерлер кез келген бос жұмыс орыны туралы ақпартты "Еңбек.кз веб-порталына жариялап отырады. Келешек кеңейту жобасы тұтастай елге әсері бар. Сондықтан барлығын қамтиды. Бүгінде 3 мың бос жұмысы орыны туралы ақпар мемлекеттік порталда жарияланды.
Елдегі екі ірі инвестор - Еуропа қайта құру банкі мен ТШО - бірігіп "қазақстандық қамтуды" кеңейту мақсатында 1,5 жыл бұрын арнайы жобаны қолға алған. Осылайша, түрлі саладағы 18 компанияға қаржылай қолдау білдірген.
Алма Қасымова, ЕҚҚЖБ Қазақстандағы шағын бизнесті қаржыландыру бағдарламасының менеджері:
Әр жобаға 10 мың еуроға дейін қаражат қаралған. Бұл соманы компания қайтармайды. Ол ЕББР мен Теңізшевройлдың ортақ қорынан бөлінген.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ