Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған дауыс жазбасы Тараз мұражайына тапсырылатын болды. "Бауыржантану" орталығының мамандары осындай шешімге келген.
Таспаға түсірілген екі бейнежазбаның бірінде батыр 34 жаста, енді бірінде 65-те болыпты. Тараздық ғалымдар оны Алматыдағы «Кино, фото құжаттары мен дыбыс жазбалары» деген архив арқылы іздеген. 34 жасында 1944 жылдың жаңа жылымен құттықтаған. Ал 1975 жылы 65 жаста болғанда Жеңістің 30 жылдығында сөз сөйлеген.
Казахстан сформировал 16 дивизий, 8 бригад. А без номерных не меньше чем это! По моим подсчетам, вы извините, пожалуйста, я беззубый старик, поэтому произношение не важно. Массовый героизм проявили казахстанцы. 28 героев панфиловцев. Это стало символом массового героизма на всем фронте!
Орталық ғалымдары тапқан үшінші құжат тек дауыс жазбасынан тұрады. Ол осыдан 42 жыл бұрын радио арқылы 1 сағаттан астам уақыт сөйлеген сөзі. Ғалымдар оны мұражайға тапсыруға асықпай отыр.
Әлімбай Найзабаев, ТарМПИ жанындағы «Бауыржантану» орталығының ғылыми қызметкері:
Біз 15-ке жуық құжат таптық. Сол құжаттардың ішінен 2 кинохроника шықты дауысымен. Біз осы 3-ші құжатты қазір толық бере алмаймыз. Дыбыс жазбаларындағы жанды дауыс бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған.