Русский Сайттың толық нұсқасы

Депутат 31 желтоқсан демалыс күні болса қолдайтынын айтты

  • AstanaTV
  • 04 желтоқсан 2024
  • 408

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов журналистердің сұрағына берген жауабында жаңа жыл мерекесінің демалыс күнін 31 желтоқсанға ауыстырудың қаншалықты орынды екені туралы пікір білдірді, деп хабарлайды KAZINFORM.

— Шынымды айтсам, осы сұрақ мені де мазалайтын. 31 желтоқсан неге демалыс күні емес? 31 желтоқсанда көңіл-күйіміз мүлде басқаша болады. Есімде, оқушы кезімізде де, кейін де осы сұрақты қоятынбыз. Ондай шешім қабылданса, ешкімге жаман болмас еді деп ойлаймын. Шешім қабылданса, толық қолдайтын едім, — деді Асхат Аймағамбетов.

Депутат бұл мәселе Парламенттің емес, Үкіметтің құзыретіндегі шаруа екенін еске салды.

— Әрбір уәкілетті органның өз құзыреті бар. Бұл мәселе үкіметтің құзырында. Қосымша демалысты ауыстыру туралы шешім қабылданса, онда тұрған не бар, — деді Мәжіліс депутаты.