Русский Сайттың толық нұсқасы

Тоқаев Финляндия Президенті Александр Стуббпен телефон арқылы сөйлесті

  • AstanaTV
  • 04 желтоқсан 2024
  • 364

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия Президенті Александр Стуббпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Astana TV.

Финляндия тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында президенттер екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылады.

Сондай-ақ мемлекеттер басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Стуббты және Финляндия халқын алдағы Тәуелсіздік күнімен құттықтады.