Русский Сайттың толық нұсқасы

ТЖМ құтқарушылары өрт кезінде 15 адамды эвакуациялады

  • AstanaTV
  • 07 желтоқсан 2024
  • 408

Петропавл қаласында екі қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде қоқыс пен үй заттары жанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ күштері баспалдақ маршымен 15 адамды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады.

Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді. Өрт оқшауланды.

Өрт туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.