Русский Сайттың толық нұсқасы

«Алтын пальма бұтағын» алу үшін...

  • AstanaTV
  • 20 мамыр 2017
  • 1681

Биыл Канн кинофестивалі 70 –ші рет өтіп жатыр. Осы аптада басталған, 28-мамырға дейін жалғасады. Қазылар алқасын испан кинорежиссері Педро Альмодовар басқарады. Ашылу салтанатын италиялық актриса Моника Белуччи жүргізген, жабылуын да жүргізеді. Мерейтойлық кинфестивальдің ресми плакатында италиялық актриса Клаудия Кардинале бейнеленген. Фестивальдің басты бағдарламасының бәйгесіне ресейлік А.Звягинцевтің «Нелюбовь» картинасы таласады. Ол 2014 жылы «Левиафан» фильмінің үздік сценарисі ретінде марапатталған. Аталған фильмге біз бірнеше рет тоқталғанбыз. «Алтын пальма бұтағы» сияқты сыйлықтар бізге де бұйыруы мүмкін ғой. Егер ...мысалы, тойшылдықтан арылсақ. Әлде тойшылдықтан арылтатын фильм керек пе?..