"New York Times" тілшісі «Халықаралық журналистика» номинациясы бойынша Путин туралы жазбасы үшін Пулитцер сыйлығын алды, - деп жазады ТАСС.
«New York Daily News» пен «ProPublica» басылымдары «Қоғамға тигізген пайдасы үшін» номинациясы бойынша сыйлыққа ие болды. Байқауда биыл 20 номинация бар. Онда жаңалықтар журналистикасы, карикатура, көркем шығарма, тіпті АҚШ тарихы туралы да жұмыстар қамтылған. Айта кетейін, сыйлықтың негізін 1903-ші жылы Американың газет магнаты Джозеф Пулитцер қалаған. Сыйақы мөлшері 10 мың долларды құрайды.