Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айту жеделхатын жолдады

  • 25 желтоқсан 2024
  • 710

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айту жеделхатын жолдады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында Әзербайжанның әуе ұшағы апатқа ұшырап, экипаж мүшелері мен жолаушылардың қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді. 

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Орны толмас ауыр қайғыға ортақтаса отырып, Сізге, қаза тапқан азаматтардың туған-туыстарына және барша Әзербайжан халқына көңіл айтамын. Менің тапсырмаммен Қазақстан Үкіметі мемлекеттік комиссия құрды. Комиссия құтқару операциясы аясында тиісті шаралар қабылдап, Әзербайжан тарапына қажетті көмек көрсетеді.