Русский Сайттың толық нұсқасы

Орал тұрғыны ауладан жаңа жылдық шыршаны ұрлап кеткен

  • AstanaTV
  • 28 желтоқсан 2024
  • 424

Полиция көпқабатты үйдің ауласынан шыршаны ұрлап кеткен адамды ұстады. Бұл туралы қалалық полиция мәлім етті.

Оқиға кешкі уақытта болған. Жергілікті тұрғындар аулада безендірілген шыршаның жоғалып кеткенін байқаған.

— Орал қаласында учаскелік полиция инспекторлары көппәтерлі үйдің кіреберісіне орнатылған шыршаны ұрлап әкеткен 48 жастағы ер адамды ұстады. Қазіргі уақытта ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, — делінген хабарламада.