Германия тұрғындары жаңа жыл түні «Аспанға қараймын» әнін орындап, көңіл көтерді

  • AstanaTV
  • 02 қаңтар 2025

Германиядағы дәмханалардың біріне жиналған тұрғындар Қазақстанның хит әні «Аспанға қараймын» әніне көңіл көтерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Германия тұрғындарының аталмыш әнге билеген сәті әлеуметтік желіде жарияланды. Ал видеоның жазбасында дәмхананың әншісі қазақстандық екені айтылған.

Жаңа жыл түні ол қазақтың бірнеше хит әнін орындап, жиналғандардың алғысына бөленді.