Міндетті медициналық сақтандыру жайлы ақпаратты тұрғындарға жеткізу маңызды

  • AstanaTV
  • 25 мамыр 2017
  • 2774

"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру". Халықты осы тақырып бойынша ақпаратпен қамту әлі де жетілдіре түсуді қажет етеді.  «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында өткен дөңгелек үстелде «Стратегия» әлеуметтік саяси зерттеулер орталығының сарапшылары осылай деді. Орталық басшысы Гүлмира Илеуованың айтуынша, 2016 жылы жүргізілген әлеуметтік сауалнаманың нәтижесі көңіл көншітпейді. Болашақта міндетті жүйе енгізілген соң қиындық туындамас үшін тиісінше түсіндіру шаралары жүргізілу керек, - деп есептейді маман. Олай етпеген жағдайда, жаңашылдыққа үрке қарап, наразылық білдіретіндер де артуы мүмкін, деп алаңдайды.

Гүлмира Илеуова, «Стратегия» әлеуметтік саяси зерттеулер орталығының директоры:

2012 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу барысында айтарлықтай проблемалармен бетпе бет келгеніміз белгілі. Халық бұл жаңалыққа дайын болмаған еді, қазір де толық қабылдай алды деу қиын. Осы дөңгелек үстелге жиналған кәсіби мамандар түсіндіру жұмыстарын жандандыру маңызды екенін сезінуге тиіс.