Русский Сайттың толық нұсқасы

Назарбаев университет биыл бірінші докторанттарын шығарды.

  • AstanaTV
  • 27 мамыр 2017
  • 2444

«Назарбаев университетте» салтанатты түрде түлектерді шығарып салды. Оған дәстүрге сай, Президент Н.Назарбаев барды.

«Назарбаев университет» пен зияткерлік мектептерінің есігі баршаға ашық. Университет түлектерінің үшінші диплом алу рәсіміне қатысқан Президент осылай деді. Сонымен қатар, «Болашақ» бағдарламасы қаржысының бір бөлігін «Назарбаев университетке» аударуды тапсырды. Ал бүгін еліміздегі ең беделді оқу орнын 737 түлек тәмамдады. Олардың тоғызы PHD бағдарламасымен оқуды аяқтап отырған алғашқы докторанттар. Болашақ мамандардың дипломын Президенттің өзі табыстады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қазақстан бойынша барлық университеттерде, мектептерде колледждерде 280 мың шәкірт түлеп ұшайын деп отыр. Жоғары білім алған 155 мың түлек, мамандық иесі атанып еңбек жолын бастағалы отыр. Өскелең ұрпақ сапалы білім мен саналы тәрбие алғанда өмірден орнын таба алады. Қазақстаннның оқу бітіріп жатқан барлық түлектерін шын жүрегімнен құттықтаймын. Табыс, денсаулық тілеймін. Табыстың шыңына жететін болсын.

Мадина Тыныбаева, «Назарбаев университеттің» білім докторы:

Біз әрине өте қуаныштымыз. Елде оқығанымыз өте ыңғайлы болды. Халықаралық деңгейдегі мықты мамандар білім берді. Бұл үш жылдық PhD бағдарламасы. Алғаш рет ол 2013 жылы басталды. Біз Назарбаев университеті  Білім беру жоғарғы мкетебінің алғашқы түлектеріміз. Мен орта білім беру мектептерінің проблемаларын зерттедім. Енді осы білімімді тәжірибеде қолдануға дайынмын. 

Биыл жалпы, қоңырау үнін соңғы рет 137 мың түлек естіді. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, сонша оқушы мектеп бітірді. Бірыңғай Ұлттық тест тапсыруға 92 мың бала өтініш білдірген. Білім беру стандарттары мен оқулықтардың сапасына байланысты жыл сайын артып келе жатқан сауалдарға, мұғалімдердің директорлар мен әкімдіктердің қолбаласы сияқты роліне, оларды міндетіне жатпайтын жұмыстарға жегіп, билет сатқызатын жағдайларға, кейбір жерлерде оқушылардың әлі күнге дейін 3 аусымда оқитынына тағы басқа, мың сан проблемаға қарамай, мектептерімізде негізінен ісіне адал мұғалімдер мен елгезек балалар!!! Соның арқасында ондағы «шкафтардағы скелеттер» құламайды.