Русский Сайттың толық нұсқасы

“Конференция” спектаклі астаналық көрермен назарына ұсынылды

  • 13 қаңтар 2025
  • 281

“Конференция” спектаклі алғаш рет астаналық көрермен назарына ұсынылды. Қойылым режиссері- Фархат Молдағали. Алматыдан гастрольдік сапармен келген ұжымның қойылымы көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, көңілінен шықты. Актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләл “Конференция” спектаклін таным-талғам мен болашаққа бағыт-бағдар қалыптастыратын шығарма деп бағалады. 

ЕРЛАН БІЛӘЛ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, АКТЁР:

Конференция спектаклі әр түрлі көзқарас пен таным-талғамдардың пікірсайысы. Әрбір ұлт өзінің ментальдік кодын тану үшін, өзінің менталитетін тану үшін, өзінің ғұрпын, салтын, санасын білу үшін бірден-бір өзінің септігін тигізетін спектакль деп ойлаймын.