Русский Сайттың толық нұсқасы

Жас домбырашы Владислав Горизановтың арманы асқақ

  • AstanaTV
  • 17 қаңтар 2025
  • 280

Қарағанды облысындағы балалар үйінде өскен Владислав Горизанов домбыраның құлағында ойнайды. Azattyq Rýhy тілшісіне берген сұхбатында талантты жас  Дина Нұрпейісованың «Науаи» күйін шертіп берді. 

Айтуынша, дәл осы күймен ол сайысқа қатысып, алтын медаль алған. 

«Дина Нұрпейісованың Науи күйін шертіп берейін. Осы күйдің арқасында  мен алтын медаль жеңіп алғанмын», - дейді  Владислав.

Владиславтың ендігі арманы- Президенттің марапатын иелену. 

"Қай елде қанша алтын медаль алсам да, Президенттің қолынан алған марапатқа ештеңе тең келмес" дейді жас талант.