Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада фитнес орталықта өрт шықты

  • AstanaTV
  • 18 қаңтар 2025
  • 415

18 қаңтарда Астананың Сарайшық ауданының Шәмші Қалдаяқов көшесінде орналасқан жеті қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында фитнес орталығының бу бөлмесінде өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ құтқарушылары өртті 7 шаршы метр алаңда сөндірді.

"Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

ТЖМ азаматтарға өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертті.