Русский Сайттың толық нұсқасы

Әдебиет пен өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия табысталды

  • 20 қаңтар 2025
  • 413

Бүгін әдебиет пен өнер саласындағы 75 қайраткерге мемлекеттік стипендия табысталды. Майталмандарды Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин марапаттады. Жыл сайын тағайындалатын бұл стипендияның иегерлері қаржылай көмек алып, шығармашылық қызметін одан әрі дамытуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, елдегі мәдениет саласының дамуын ынталандырып, жаңа идеялар мен жобалардың іске асуына септігін тигізеді дейді ұйымдастырушылар.