Ақшұқыр ауылында 9-сынып оқушысын ит талап тастады

  • AstanaTV
  • 21 қаңтар 2025

Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылындағы көшеде 15 жасар жасөспірімді қаңғыбас ит талап тастаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Абырой болғанда жақын маңда жүрген тұрғындар көмекке келіп, баланы әрең арашалап алған. Содан соң, жедел жәрдем қызметін шақырған.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, зардап шеккен жасөспірім балалар аруханасының травматология бөліміне жатқызылған. Жағдайы тұрақты. Ем тағайындалған.

Ал облыстық білім басқармасының мәліметінше, зардап шеккен оқушы Ақшұқыр ауылындағы мектеп-гимназияда 9-сыныпта оқиды.