Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы ҚХР-дың Қазақстандағы елшісін қабылдады

  • 22 қаңтар 2025
  • 414

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы жаңа тағайындалған елшісі Хань Чуньлинді қабылдады. Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты дамыту перспективалары талқыланды. Сондай-ақ қос тарап өзара байланысқа тың серпін беріп, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.