Русский Сайттың толық нұсқасы

Семейдегі тұрғын үйде өрт шықты: 25 адам эвакуацияланды

  • AstanaTV
  • 24 қаңтар 2025
  • 320

Абай облысында ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 25 адамды құтқарып, эвакуациялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Семейдегі Физкультурная көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйдің 4-қабатында өрт шықты.

ТЖМ күштері автосатымен бес адамды құтқарды, оның ішінде екі бала және баспалдақ маршымен 20 адамды эвакуациялады. Оқиға орнына тұрғындарды жылыту үшін "Вахтовка" жұмылдырылды. ҚР ТЖМ АМО дәрігерлері болды.

Қабылданған шаралардың арқасында өрттің көрші пәтерлерге таралуына жол берілмеді. ТЖМ 25 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.