Русский Сайттың толық нұсқасы

Газа секторындағы үйлердің 92% қираған

  • AstanaTV
  • 26 қаңтар 2025
  • 222

БҰҰ-ның өкілдері осылай деп отыр. Қарулы қақтығыстан, әсіресе, өңірдің солтүстік аудандары қатты зардап шеккен. Атыс-шабыс салдарынан Газадағы үйлердің 92%-і қираған. Оның ішінде 160 мың баспана жермен жексен болса, 276 мыңы бүлінген. Соның салдарынан тұрғындардың көбі қазір уақытша құрылған шатырларда тұруға мәжбүр, - деп жазды inform.kz.

Еске сала кетейік, бұған дейін Құтқарушылар атыс тоқтағаннан бері Газа секторындағы үйінді астынан 162 адамның мәйітін шығарғанын жазған болатынбыз.

Газа секторы қол-аяғы ампутацияланған балалар саны бойынша әлемде бірінші орынға шықты.