Русский Сайттың толық нұсқасы

ХАМАС пен Израиль арасында тұтқын алмасудың екінші кезеңі аяқталды

  • AstanaTV
  • 26 қаңтар 2025
  • 370

Бұл туралы «Қызыл крест» халықаралық комитеті мәлімдеді. 

Екінші кезеңде 200 палестиналық пен 4 израильдік әйел сарбаз босатылды. Палестиналық тұтқындардың кейбірі Иордан өзенінің батыс жағасына, кейбірі Газа секторына жіберілген. 

Жауласушы тараптар 3 кезеңнен тұратын оқ атпау режимін 19 қаңтарда енгізген болатын. Бейбіт бітімнің бірінші кезеңі 6 аптаға созылуы тиіс. Әрі қарай Израиль Газаның халық көп шоғырланған өңірінен өз әскерін әкетуі керек.

Бұл туралы  24.kz хабарлайды.