Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда өрт шыққан үйден 13 адам эвакуацияланды

  • AstanaTV
  • 27 қаңтар 2025
  • 196

Атырауда бес қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға Авангард шағынауданында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

ТЖМ мәліметінше, екінші қабаттағы пәтер жанған. Шақырту мекенжайына жедел келген өрт сөндірушілер 9 шаршы метр алаңдағы өртті сөндіріп, көрші пәтерлерден 13 адамды эвакуациялады.

Зардап шеккендер жоқ, оқиғаның себебі анықталуда.