Қазақстан мен Беларусь президенттері телефон арқылы сөйлесті

  • AstanaTV
  • 27 қаңтар 2025

Мемлекет басшысы мен Беларусь президенті телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Astana TV.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының Президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

Тараптар екіжақты күн тәртібінің, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады.