Русский Сайттың толық нұсқасы

"Біз бағаның күрт қымбаттауына жол бермейміз", - О.Бектенов

  • AstanaTV
  • 28 қаңтар 2025
  • 242

Біз бағаның күрт қымбаттауына жол бермейміз. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Олжас Бектенов осылай деді.

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономиканы ырықтандыру саясаты қалай іске асатынын айтты.

- Экономиканың қаржыландыру көлемі үлкен секторларында бағаны шамадан тыс мемлекеттік реттеу бұл міндетті қиындата түсіп, инвеститициялық әлеуетті төмендетіп отыр. Үкімет жанар-жағармай материалдары мен газ бағасын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және теміржол тасымалы салаларындағы тарифтерді кезең-кезеңмен ырықтандыруда бастады, - деді ол.

Премьер-министр нарықтық баға саясатына көшудің артықшылықтарына да тоқталды.

- Біртіндеп нарықтық баға саясатына көшу осы салаларға қажетті инвестицияларды тартуға және жанармай тапшылығының алдын алуға мүмкіндік береді. Біз бағаның күрт қымбаттауына жол бермейміз. Осыны баса айтқым келеді, - деді О.Бектенов.