Русский Сайттың толық нұсқасы

Қырық жыл көлік жүргізген қазақ әжей Францияда танымал болды

  • AstanaTV
  • 29 қаңтар 2025
  • 358

Қазақстандық әженің жұмыс барысын ARTE бағдарламасы Франция аумағында көрсеткен, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

75 жастағы Оразхан Манабаеваның темір тұлпар тізгіндегеніне 40 жыл толған. ШҚО-ның Аягөз қаласында өмір сүретін әжей көлік жүргізгенде ауруынан да айығатынын айтқан. Қазір жапонның Toyota Camry көлігін жүргізетін ол көлік тізгінін алғанда өзін өте жақсы сезінетінін жеткізген.

– Үйдегі ақсақалмен (күйеуін айтады) 55 жыл отассам, темір тұлпармен 40 жылдан бері жолдаспын. Рөлде отырғанда өзімді өте жақсы сезінемін. Тып-тыныш отырамын, ешнәрсеге алаңдамаймын. Қайта өзімді сергек сезінемін. Сырқаттанып қалып, көлікке отырсам, ауырғанымды да ұмытып кетемін. Бұл – менің сүйген мамандығым, – дейді таксист әжей.

Бейнежазбадан әжейдің такси қызметі үшін жолаушыдан 500 теңге алғанын байқау қиын емес. ARTE-нің мәліметінше, әлемде 75 жасында такси болып, көлік жүргізетін қарт кісілер жоқтың қасы.