Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда бір топ жасөспірім қатарлас қызды соққыға жыққан

  • 30 қаңтар 2025
  • 330

Алматыда бір топ жасөспірім қатарластарын соққыға жыққан. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан жерде жатқан қызды жан-жақтан тоқпақтап жатқанын көруге болады. Ауыр соққыдан оның қабырғалары сынып, миы шайқалған. Жанжалдасқан жасөспірімдердің ата-аналары жауапқа тартылды. 

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталған дерек бойынша Жетісу аудандық полиция Басқармасы тергеу жүргізіп жатыр.Оқиғаға қатысушылар анықталып, полицияға жеткізілді. Жанжалдасып қалған екі жасөспірім қыздың ата-анасы балаларын тәрбиелеудегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда.