Петропавл тұрғыны итті құтқарамын деп, өзі құдыққа түсіп кеткен

  • AstanaTV
  • 03 ақпан 2025

Петропавлда ер адам құдыққа құлап кеткен итті құтқаруға тырысып, өзі тереңге түсіп кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Ол итті достарына көтеріп беріп үлгергенімен, мұздай суға толы құдықтан өзі шыға алмай қалған. Қасында болған достары құтқарушыларды шақырған.

Оқиға орнына жеткен жедел-құтқару жасағының қызметкерлері альпинистік жабдықтың көмегімен ер адамды қауіпсіз жерге шығарды. Абырой болғанда, оған медициналық көмек қажет болмады.