Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда 5 мыңға жуық адам марафонға қатысты

  • AstanaTV
  • 05 маусым 2017
  • 2343

«Арманға жол». Өткен демалыс күні Қарағандыда осындай атаумен жартылай марафон өтті. Оған 5 мыңға жуық адам қатысып, 37 шақырым жолды жүгіріп өтті.Шараны қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен жеңіл атлетика федерациясы ұйымдастырған.

Бұл жолғы марафонның ерекшелігі - қала тұрғындарына өз шама-шарқына қарай жүгіруге мүмкіндік берді. Қатысушылардың жас шамасына және жүгіру қабілетіне қарай төрт қашықтық белгіленген. Алғашқысы, «Арманға жол» аталатын 21 шақырымды құрайтын жартылай марафонға 18 жастан асқан ерлер мен әйелдер қатысты. Ал, 10 шақырымды құрайтын «Спутник» марафоны 16 жастан асқан жасөспірімдерге арналды. 5 шақырымды құрайтын «Достық» марафонына жүгіруге икемі бар азаматтардың барлығы да қатысты. Сондай-ақ 1 шақырымды қамтитын «Балапан» марафонында 10 жасқа дейінгі балалар жүгірді. Жалпы жүлде қоры - 4 миллион теңге. Жарыс жеңімпаздарына сыйлықтарды облыс әкімі Ерлан Қошанов пен атақшы марафоншы Марат Жыланбаев тапсырды. Әр марафон бойынша алғашқы 10 жеңімпазға 100 ақшалай сыйлықтар берілді.

Марат Жыланбаев, марафоншы:

Қарағанды - жүгіруге құмар адамдардың қаласы. Соңғы жылдары мұнда жүгіру спорты қарқынды дами бастады. Бүкіл Қазақстанда, атап айтақанда, Алматы, Астана, Атырау, Ақтау қалаларында да спорттық жүгіру жақсарды. Жүгіруді спорт патшайымы деп тегін айтпайды. Ол спорттың ең қолжетімді түрі.

Мирас Аханов, марафон жеңімпазы:

Бұл бірінші жарысым емес. Көптеген жарыстарға қатысқам. Бастапқыдан ең бірінш боп тұрдым. Бірте бірте қосып отырдым. Жеңем деп ойладым. Бірақ 1-інші орын алам деп ойлағам жоқ.