Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда мектеп қабырғасындағы кірпіштер құлап жатыр

  • AstanaTV
  • 03 ақпан 2025
  • 635

Орал қаласында мектеп қабырғасын қаптаған кірпіштер құлап жатқанына байланысты ақпарат тарады, - деп жазды KAZINFORM. 

Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған бейнежазбада ата-ана мектептің сыртын қаптап тұрған кірпіштің құлауына байланысты алаңдаушылық білдірген. 

- Балаларым № 4 орта мектепте оқиды. Мектептің айналасында кірпіш сынықтары құлап жатыр. Бұған ешкім назар аудармай жатыр. Балаларымыздың қауіпсіздігі үшін қорқамын, - деп жазды ата-ана.

Мектеп директоры Жанаргүл Аймұрзиеваның айтуынша, ауа райының қолайсыздығына, яғни дымқыл, сыз тартып тұруына байланысты ылғалдың әсерінен мектеп сыртындағы қаптама үгітілген.

- Қазіргі таңда қауіпті жерлер лентамен қоршалып, белгіленді. Мектеп әкімшілігі бала қауіпсіздігін басты назарда ұстайды. Алдағы уақытта ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілетін болады, - дейді Жанаргүл Аймұрзиева.

Оның сөзіне қарағанда, аталған мектеп ғимараты 2017 жылы пайдалануға берілген. Мердігері – «Альтаир» ЖШС.