Грекияның Санторини аралында екі күнде 200-ден аса жер сілкінісі тіркелді

  • AstanaTV
  • 04 ақпан 2025
  • 513

Сейсмикалық белсенділіктің артуына байланысты билік қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатыр. 

Грекияның Санторини аралында екі күнде 200-ден аса жер сілкінісі тіркелді.

Мектептер уақытша жабылды. Қонақ үйлерде бассейндердің ішін суға толтыруға тыйым салынған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тұрғындар мен демалушыларға кемежайдан аулақ жүруге кеңес берілді. Санторини - Грекияның туристер арасындағы танымал орны. Жыл сайын мұнда 3 миллионнан аса адам саяхаттап келеді.