Шымкенттік ер адам 23 жастағы ұлына бір бүйрегін берді

  • AstanaTV
  • 05 ақпан 2025
  • 347

Шымкент қаласында 56 жастағы ер адам өз ұлына донор болып, бір бүйрегін берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Қалалық №1 клиникалық аурухана базасында 230-шы бүйрек трансплантациясы өтті. 1969 жылғы ер адам донор болып, 23 жастағы баласына бүйрегін берді.

– 4,5 сағатқа созылған операция сәтті өтіп, екі пациент те жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды, – делінген Қалалық денсаулық сақтау басқармасы таратқан ақпаратта.

Белгілі болғандай, бүйрегі алмастырылған реципиент 1,5 жылдан бері созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен кезекте тұрып, гемодиализ аппаратына тәуелді болған.