«Сәтті қадам» партиялық жобасының аймақтық филиалдары жүргізген жұмыстардың арқасында 1640 жас тұрақты жұмыспен қамтылған. 200-ден астам кәсіп орынмен келісімшарт жасалды. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясында өткен брифинг барысында «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері мәлімдеді.
Жалпы, «Сәтті қадам» жобасының мақсаты - балалар үйінде тәрбиеленген жас мамандарды жұмысқа тұрғызу. Оның ішінде жоғары оқу орындары және техникалық - кәсіптік білім мекемелерінің түлектері бар. Тағы бір бағыты Астана мен Алматы қалаларындағы мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда жас мамандарға тағылымдама ұйымдастыру болып табылады.
Дана Тулешова, «Сәтті қадам» партиялық жобасының үйлестірушісі:
Жастардың көбісі осындай ұйымдарда жұмыс істегісі келеді. Бірақ, өздері барса, қиындыққа душар болып жатады. Сондықтан біз оны жеңілдетіп көмек көрсетеміз. 2 кезеңнен өткен 178 баланы біз ұлттық компанияларға 3 айлық тағлымдамаға жібердік. Нәтижесінде 12 бала жұмысқа тұрды.