19 наурыз Қазақстанда «тыныштық күні» болып жарияланды. Кандидаттар үгіт-насихат жұмысын жүргізіп, заңды бұзған жағдайда, жауапкершілікке тартылатыны туралы Бас прокуратура ресми сайтында жариялады.
Конституцияға сай сайлау күндері де үгіт-насихатпен айналысуға тыйым салынады. Сайлау комиссиялары мен дауыс беру учаскелерінен өзге жерлерге бұған дейін жапсырылған үгіт парақшалары өз орнында қалады. Сондай-ақ сайлау күні аталған нысандарда сауалнама жүргізіп, көпшіліктен пікір жинауға да рұқсат жоқ. Дауыс беру құқығын бөгде адамға беруге болмайды.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ