Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда тегін донер тарату акциясының соңы жанжалға ұласты

  • AstanaTV
  • 12 ақпан 2025
  • 452

Акция Мұнайлы ауданы Қызылтөбе ауылында жоспарланған. Тегін донер мен суши таратылатыны жөнінде фасфут дәмханасының иесі хабарлаған. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада тұрғындар көп жиналып, бір-бірін таптап кете жаздады, - деп хабарлайды  KAZINFORM.

Оқиға орнына полицейлер келіп, жұртты сабырға шақырды.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, кәсіпкермен профилактикалық әңгіме жүргізілген. 

Дәмхана иесінің айтуынша, ол адам көп жиналады деп ойламаған.

- Қызылтөбе ауылында тұрғындардың көп жиналуына байланысты, құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін тегін тамақ таратылатын орынды өзгертіп, басқа ауылда өткізіп жібердік. Болашақта мұндай жағдайлар қайталанбайды. Кешірім сұраймын, - дейді кәсіпкер.