Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандықтар тұрғын үй мен емделуге төрт триллион теңгеден астам қаражат жұмсады

  • 12 ақпан 2025
  • 358

Соңғы төрт жылда қазақстандықтар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 4,4 трлн теңге шешіп алды. Бұл туралы Сенат қабырғасында Ұлттық Банк өкілдері айтты. Аталған соманың 85 %-і тұрғын үй мәселелері мен емге жұмсалған. Бүгінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтері 22,4 трлн теңгеге жетті. Қор жұмысындағы негізгі бағыттардың бірі - жергілікті нарыққа инвестиция құю. Алайда сенатор Сұлтанбек Мәкежанов зейнетақы активтерін басқару жұмысын сынға алды.

СҰЛТАНБЕК МӘКЕЖАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Ел экономикасына инвестиция құю дұрыс, әрине. Бірақ салымшылардың мүддесін қорғау басты назарда болуы тиіс. Ұлттық банктің "Самрұқ -Қазынаға" бағыттаған 1,5 трлн теңге тиімді жұмсалып жатыр дегенімен келіспеймін. Қордың 300 млрд теңгесі агроөнеркәсіпке бағытталған. Бұдан жақсы нәтиже көріп отырғанымыз жоқ.