Сайлау күні Астанада қоғамдық көлікпен қатынау тегін болады. Бұл туралы қалалық Ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Қаналимов мәлімдеді. Қауіпсіздік мәселесі де ескерілген. Сайлау күні қоғамдық тәртіпті бақылауға 3 мың маман жұмылдырылады. Қазірдің өзінде барлық дауыс беру учаскелері тәулік бойы бақылауға алынған.
Ерлан Қаналимов, Астана қалалық Ішкі саясат басқармасының басшысы:
Сайлау күні алғаш рет дауыс деруге қатысқан сайлаушыға сыйлығымыз бар. 20 наурыз күні туған күнін атап өтетін азаматтарға да тосын тарту жасалады. Ол енді үтік, ыдыс-аяқ деген сияқты тұрмыстық техникалар.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА