Русский Сайттың толық нұсқасы

«Экспо-2017» компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевке қатысты сот ісі процесі басталды

  • AstanaTV
  • 18 наурыз 2016
  • 1569

Бүгін атышулы ЭКСПО ісі бойынша алдын ала сот отырысы басталды. Көрме ақшасына қол салды деп айыпталған бұрынғы басшы Талғат Ермегияев пен қарамағындағы 20-дан аса адам ұсталған болатын. Экс-басшының өзі 4 миллиард 200 миллион теңгені жымқырды деп айыпталған еді. Сот отырысына қатысқан Азамат Алдоңғаров баяндайды.

540 томдық қылмыстық іс, жиырмадан астам күдікті, отызға жуық адвокат. Атышулы қылмыстық іске сот төрағасы Әділхан Шайхисламов төрелік етті. Судьяға 23 адамның айыбын оқу оңайға түспеді. 

Істің басты фигуранты Талғат Ермегияев сот залына арнайы бөлімше сарбаздарының қарауылымен келді. Экс-шендінінің құқығын сотта қос бірдей адвокат қорғамақ. 2015 жылдың 12 маусымынан үйқамақта отырған ол біреудің мүлкін аса ірі көлемде ұрлау бабымен айыпталып отыр. Бұл іске қатысы бар басқа күдіктілер мен олардың адвокаттары түгел келмеді. Сондықтан сот үзіліс жариялады. Бұл кезде Талғат Ермегияевті арнайы қарауыл мен адвокаттары қалың қоршауға алып, журналистерді жақындатпады. Бірақ экс-басшының тілшілер сұрағына жауабы дайын.

Мою позицию услышите в суде.

Ал жалғасқан отырыста адвокаттар бірінен соң бірі оннан астам өтініш түсірді. Бірі адвокаттар процесс барысында аудиотаспа жүргізуге рұқсат сұраса, қамауда отырған алты күдіктінің адвокаты оларды кепілдікпен босатуды өтінді. Таңертең басталған соттың бұған қатысты шешімі кешке жарияланды.

Суд пришел к решению, что указанные ходатайства подлежат отклонению, поскольку каких-либо обстоятельств, свидетельствующих незаконности и необходимости изменения мер пресечения в виде ареста на домашний арест, по делу не установлено.

Азамат Алдоңғаров, тілші:

Ал атышулы іске қатысты негізі отырыс 4 сәуірге белгіленді.