Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысында «Жастар рухы» Жастар қанатының төрағасы ауысты

  • 19 ақпан 2025
  • 286

Қарағанды облысында «АМАNАТ» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы ауысты. Енді өңірдің жастарын ерікті, әрі қоғам белсендісі Арафат Мәжитов басқарады. Ол жастар қанатында 6 жылдан бері қызмет атқарады. Айта кетейік, қазір аймақта 7 мыңнан астам белсенді бар. Олар волонтерлік қозғалысты дамытуға атсалысып, студенттік жобаларды қолдайды. Сондай-ақ қарттарға көмек көрсетіп, түрлі қоғамдық жұмыстармен айналысады.

АРАФАТ МӘЖИТОВ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бізде белсенділер көп. Біз барлығына төтеп беріп, барлығын сәтті жүзеге асырамыз деп ойлаймын. «Жастар рухы»-на кез келген адам қосыла алады. Жастар қанатының ең белсенді «Таза Қазақстан», «Taza Like», «Қайсар» әскери-патриоттық жобасы және басқа да барлық жұмысымызды әлеуметтік желілерден көруге болады.