Русский Сайттың толық нұсқасы

Д.Трамп Байден кезінде тағайындалған прокурорларды жұмыстан шығаруды тапсырды

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2025
  • 223
Фото: pixabay

АҚШ президенті Дональд Трамп Әділет министрлігіне Джо Байден кезінде тағайындалған барлық федералдық прокурорларды жұмыстан шығаруды тапсырды. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желі парақшасында мәлімдеді.

Трамп Әділет министрлігі кейінгі 4 жылда тым саясиланып кеткен, енді азаматтардың сенімін қалпына келтіру керек деді. Осының алдында демократ-прокурорлар Трамптың АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігін жауып, қызметкерлерін жұмыстан босату туралы шешіміне арыз түсірген.

Сондай-ақ Ақ үй басшысының АҚШ-та туған шетелдіктердің балаларына азаматтық беруді тоқтату мен Маск басқаратын Тиімділік департаментіне Қаржы министрлігінің төлем жүйесіне кіруіне қарсылық білдірген еді.

Бұл туралы  24.kz хабарлады.