Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада жастар музыкалық театрында өрт шығып, үш адам зардап шекті

  • AstanaTV
  • 20 ақпан 2025
  • 250
Фото: t.me/qr_tjm

Астанадағы Жасөспірімдер музыкалық театры ғимаратының киім бөлмесінен өрт шықты, деп хабарлайды Astana TV.

Ведомство таратқан ақпаратқа сай, ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 3 адамды құтқарған.

"Астана қаласы Сарыарқа ауданындағы Жақып Омаров көшесінде орналасқан екі қабатты ғимараттың жертөлесінде өрт орын алды. Жедел жеткен өрт сөндірушілер түтін басқан ғимараттан 3 адамды құтқарды. Өрт 20 шаршы метр алаңда сөндірілді, себебі анықталып жатыр. Жану өнімдерімен улану белгілері бар үш адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді", - делінген хабарламада.