Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада "Жастар" өнер театры өртеніп, үш адам зардап шекті

  • 20 ақпан 2025
  • 380

Елордада "Жастар" өнер театры өртенді. Төтеншеліктер 3 адамды тілсіз жаудан құтқарды. Сондай-ақ денесін күйік шалған және улану белгісі бар үш адам медициналық көмекке жүгінді. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы қазір тұрақты. Өрттің себебі анықталып жатыр.

САЯТ КАЖИМОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Өрт Сарыарқа ауданындағы театрда болды. Жедел қоңырау түскен соң бірден мекенжайға жеттік. Ғимараттың ішіндегі түрлі заттар өртенген. Өрттің аумағы 20 шаршы метр.