Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанаға газ жеткізу жобасы белгісіз мерзімге тоқтатылды

  • AstanaTV
  • 18 наурыз 2016
  • 1383

Астанаға газ жеткізу жобасының қашан қайта қолға алынары белгісіз. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. 2015 жылы Қазақстан 45 млрд текше метрден астам газ өндіріп, оның 13 миллиарды экспортталған. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан газ өндірісін 5,5 есеге арттырды. Көгілдір отынды сыртқа саудалау көлемі де айтарлықтай ұлғайды. «Елорданы газдандыру жобасы белгісіз мерзімге тоқтатылған, ал қашан қолға алынары белгісіз»,- дейді Ғалым Нұрғазиев.

Ғалым Нұрғазиев, ҚР Энергетика министрлігі газ өнеркәсібін дамыту департаментінің басшысы:

Астанаға газ тартудың екі жобасы қаралған.  Біріншісі - «Қарталы - Тобыл - Көкшетау - Астана» магистралі. Сондай ақ «Бейнеу - Бозой - Шымкент» құбырына «Қызылорда - Жезқазған - Теміртау - Қарағанды - Астана» магистралін жалғау арқылы елордаға газ жеткізу жоспары да бар. Алғашқысы бойынша жұмыстар атқарылды, жобалық-сметалық құжаттамасы бар. Екінші магистральға қатысты теxникалық-экономикалық есептеулер жасалды. Қазір екі жобаны да тоқтата тұру жайлы шешім шығарылды.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА